«90 күннен асса да, комиссия ұстамайды». Борышкерлерге банк қандай жеңілдіктер ұсынады

Банки и ипотека

Күні кеше ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов биылдан бастап кредитін уақытында төлемейтіндер үшін жаңа талаптың күшіне енетінін мәлімдеген еді. Енді кредит бойынша қарыз 90 күннен асып кетсе, комиссия ұсталмайды. Tengrinews.kz тілшісі банкте қарызы бар қазақстандықтарға қандай жеңілдіктер бар екенін түсіндіреді.

«90 күннен асса да, комиссия ұсталмайды»

Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары қазақстандықтардың кредит бойынша қарызы 90 күннен асып кетсе, комиссия есептемейді. Өзгерістер «Банк және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» заңдарға енгізілген.

«Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек 90 күннен асып кетсе, айыппұл, өсімпұл, сондай-ақ, комиссия мен басқа да төлемдер есептеуге тыйым салынады», — деді ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұрын кредитті уақытында төлемеген кезде өсімпұл әр күн сайын 0,5 пайызға өсетін. Енді биылдан бастап кредит бойынша берешегі 90 күннен асып кеткендерге ешқандай комиссия есептелмейді.

«Бұл несие алатын азаматтар үшін әжептәуір жеңілдік деп ойлаймын», — деген еді вице-министр.

Бұл өзгерістің 2020 жылдың басында енгізілетіні айтылады.

Қандай жағдайларда банктер кредитті төмен мөлшерлемемен беруі мүмкін

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер кредитті жеңілдікпен немесе төмен пайыздық мөлшерлемемен үш жағдайда бере алады. Бұл туралы бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева айтады.

Маман несиелер жеңілдікпен берілуі мүмкін бірнеше жағдайды атап берді.

«Әр банктің өз саясаты мен бағдарламасы бар. Сол саясат бойынша ғана олар несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендете алады. Мысалы, банк өзінің тұрақты клиентіне жеңілдікпен несие беруі мүмкін. Ол дегеніміз тіпті сол банктің картасын қолданушысы болсаңыз немесе дәл сол банкте белгілі бір сомада депозит сақтасаңыз (депозит сомасы әр банктің саясатына байланысты), ол банктің тұрақты клиенті екенін білдіреді. Банк қызметіне алғаш рет жүгінген клиентке қарағанда мұнда сіздің басымдықтарыңыз көбірек болады, яғни сізге қойылған талап-шарттар жеңілдетіледі», — дейді Нұрғалиева.

Ал екінші жағдайда «жалақы жобасы» қызметін қолданатын клиенттерге де банк белгілі бір жеңілдіктерді қарастыруы мүмкін екен.

Сондай-ақ, Нұрғалиева кредиттің төменірек пайыздық мөлшерлемемен берілуіне тағы бір себеп несие тарихының нашар болмауы керегін айтады. Оның айтуынша, несие тарихы «таза» болса, бұл да банк тарапынан жеңілдік көрсетуге әсер етеді. Нұрғалиева несиені бір рет мерзімінен кешіктіріп төлеудің өзі несие тарихын бұзатынын ескертеді. 

«Жалпы банктер несие бойынша пайыздық мөлшерлемені тек бір жағдайда төмендетеді — клиенттің қауіп-қатер көрсеткіші төмендеген жағдайда. Мысалы, клиент 10 жылға несие алды делік. Ол оны 5-7 жыл уақыт ешбір кешіктірусіз төлеп келеді. Осындай жағдайда банктегілер сізге пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы ұсыныс жасауы әбден мүмкін», — дейді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры.

«Табысы аз азаматтарға кредит берілмейді»

 Ұлттық банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейтінін мәлімдеген болатын. Банктегілердің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз жүктемесін есептеу тәсілі өзгереді, бұл дегеніміз жалақысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға несие берілмейді деген сөз.

Мұның барлығы қазақстандықтардың қарызын азайту мақсатында жасалып отыр дейді банк өкілдері.

Қарыз табыстың 50 пайызынан аспауы тиіс

 Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры борышкерге ай сайынғы төлемі табысының 50 пайызынан көп болған жағдайда несие берілмейтінін айтады.

«Қазақстандық банктерге борышкердің қарызы табысынан 50 пайыздан асатын жағдайларда кредит рәсімдеуге тыйым салынады. Несие беру кезінде бірінші кезекте басқа да қарыздың болу-болмауын тексеріп, күнкөріс деңгейін кәмелетке толмаған әр балаға шақтап есептеу қажет. Егер де қарыз алушының табысы жеткілікті болса, банк қарыз жүктемесін есептей бастайды.

Барлық қарыздың сомасы табыстың 50 пайызынан асып кетпеуі тиіс. Қарыз жүктемесі 50 пайыздан асқан жағдайда банк борышкердің өтінішін қабылдамайды немесе қарыз сомасын азайтуға тура келеді», — дейді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры.
Источник

Похожие посты

Лукьянов С.Н. избран Председателем Правления АО «Фридом Финанс»

clausss

Порог изъятия пенсионных накоплений для граждан может быть снижен

clausss

ВОЗ объявила о пандемии коронавируса

clausss

Оставить комментарий

* С помощью этой формы вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом сайте.