Шухрат Садыров Қазақстандағы IDF Eurasia командасына қосылды

Банки и ипотека

Шухрат Садыров Solva компаниясының қадағалаушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Шухрат Садыров соңғы 15 жыл еліміздің жетекші банктерінде жетекші лауазымдарды атқарды. 2018-2020 жылдары арасында «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 4 жыл бойы «Сбербанк России» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Шухрат Садыров «Болашақ» бағдарламасының, Массачусетс технологиялық институтының (MIT), Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің және Крэнфилд менеджмент мектебінің (Cranfield School of Management) (Ұлыбритания) түлегі.

Шухрат Абдирасулович Қазақстандағы IDF Eurasia компаниясында (Solva бренді) банктік институттармен тиімді серіктестікті дамытуға, топ бизнесін, оның ішінде банктік саланы дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы концепциясын құрастыруға, сонымен бірге Қазақстандағы мемлекеттік органдармен жүйелік өзара әрекеттесуді қалыптастыруға жауапты болады.

«Садыров мырза – бірегей тәжірибесі бар қаржы саласындағы кәсіпқой маман. Оның жан жақты кең ауқымды сараптамасы, оның ішінде банктік бизнесті дамыту бойынша іс-шаралары мен жұмыс стилі бізге бірлескен жұмыс шеңберінде жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді» — деді IDF Eurasia компаниясының негізін қалаушы Борис Батин мырза.

«Бірлесе отырып, компанияны жаңа деңгейге шығарып, Қазақстанның қаржы нарығындағы біздің позициямызды нығайтатындығымызға кәміл сенемін» — деді Шухрат Садыров мырза өз сөзінде.
Источник

Похожие посты

Регистрацию залога переводят в онлайн-формат. Собственнику недвижимости не нужно будет обращаться в ЦОН

clausss

Использование пенсионных накоплений: правительству дали срок до 1 июля

clausss

АБР ухудшил прогноз ВВП Казахстана

clausss

Оставить комментарий

* С помощью этой формы вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом сайте.