Solva МҚҰ қаржылық сауаттылық бойынша тегін видео-сабақтар курсын іске қосты

Банки и ипотека

Әрбір қазақстандық қаржы саласында сауатты болуы тиіс, алайда көптеген азаматтарда жеке қаржыны басқару бойынша тіпті негізгі білім жоқ. Осы мәселені шешу үшін Solva МҚҰ қазақ және орыс тілдерінде қаржылық сауаттылық бойынша тегін видео-сабақтар курсын іске қосады.

Ақшаны дұрыс пайдаланбау себебінен табысы орташа және жоғары адамдар тұрақты негізде қаржылық қиыншылықтарға тап болады. Соның себебінен бүгінгі таңда әрбір заманауи адам қаражатты дұрыс және тиімді пайдалану машығына ие болуы қажет.

Осы машықтың өзектілігі пандемия кезінде артты, себебі қаржылық қиыншылықтармен көптеген адамдармен қатар кәсіпкерлерде күресіп келеді. Бұған қоса ағымдағы дағдарысты қаржылық алаяқтарда кеңінен пайдалану себебінен әрбір сегізінші қазақстандық алаяқтардың арбауына түскендігі анықталды.

Solva МҚҰ осы қиын-қыстау кезеңде қаржылық білімнің маңыздылығын түсіне отырып, өзінің клиенттеріне ғана емес, сонымен қатар барлық азаматтарға арналған қазақ және орыс тілдерінде қаржылық сауаттылық бойынша тегін видеосабақтарды іске қосты.

Қаржылық сауаттылық бойынша курстың авторы, сарапшы Анель Шакенованың қатысуымен ұйымдастырылатын курстың шеңберінде қазақстандықтар қол жетімді нысанда ең өзекті сұрақтарға жауап қана алмай, келесі ақпаратты білуге мүмкіндік алады:

— Ақшаны қалай қорғауға болады? Табыс пен шығысты қалай дұрыс басқарып, жеке бюджетті қадағалауға болады?
— Кредитті қалай жылдам өтеуге және кредиттік өнімдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін қалай білуге болады?
— «Кредиттік тарих» дегеніміз не және ол қарыз алушының «портретіне» қалай әсер етеді?
— Цифрлық және қаржылық алаяқтық дегеніміз не және олардан қалай қорғануға болады?

Бес негізгі тақырыптан тұратын видеокурс Solva МҚҰ сайтында https://solva.kz/finstudy/ қол жетімді.

Источник

Похожие посты

Для удаленной идентификации личности клиентов создан Центр обмена идентификационными данными

clausss

Результаты торгов иностранными валютами: USD = 431,17 (-1,21)

clausss

Bank of America назвал рост курса единственной причиной хранить биткоины

clausss

Оставить комментарий

* С помощью этой формы вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом сайте.