Банки и ипотека

Ұлттық цифрлық валюта – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің цифрлық нысанда ұсынылған міндеттемесі болып табылатын ақша қаражатының перспективалы нысаны. Цифрлық теңге заңды төлем құралы, құн өлшемі және жинақ құралы болып табылады. Платформаны іске асыру үшін қаржы нарығының қатысушылары төлем сервистерін көрсететін, ал Ұлттық Банк инфрақұрылымды қамтамасыз ететін екі деңгейлі архитектура болжанған.


		Цифрлық теңге (пилоттық жоба)

Цифрлық теңгені шығару бойынша шешім қабылдау үшін ең алдымен цифрлық валюта шешетін міндеттерді анықтай отырып, оның пайдасы мен зиянын, ақша-кредит саясатына әсерін, қаржы тұрақтылығын және төлем экожүйесін, оны шығару және тарату әдісін, қолданылатын технологиясын жан-жақты зерттеу қажет.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл жұмысты қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қоғамдастығымен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуді жоспарлап отыр.

2021 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің зерттеу баяндамасы көпшілік талқылауға жарияланды.
Источник

Похожие посты

Как регулятор и финнадзор штрафуют казахстанские банки

clausss

Токаев утвердил трансферт 4,7 трлн тенге из Нацфонда в госбюджет

clausss

Fitch подтвердило РФУ Сентрас Иншуранс на уровне «B», прогноз «Негативный»

clausss

Оставить комментарий

* С помощью этой формы вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом сайте.